«Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

      Әлеуметтік қорғау қызметкерлері күні – бұл біздің кәсіби мерекеміз. «Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»» КММ қызметкерлерінен құралған топтарының аралығында КВН өткізілді. Ойынға 4 топ қатысты: «Айболит» тобы (мед.қызметі); «Сандрики» тобы (шар. қызметі); «Болгар бұрышы» тобы (тағам блогы) және «Қыздар» тобы (әлеум. қорғау). Кәсіподақ комитеті қаржылай сыйлықтар әзірледі. Орындар келесідегідей тағайындалды:

Гран-при – «Сандрики» тобы – 10 000 теңге

1 орын – «Болгар бұрышы» тобы – 7 500 теңге

2 орын – «Айболит» тобы – 5000 теңге

3 орын – «Қыздар» тобы – 3000 теңге

       Осы күні екі корпустың кіші медицина қызметкерлері мен кір жуу қызметкерлерінің, әкімшіліктің қатысуымен, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Әлеуметтік қорғау қызметкерлері күніне арналып, Қазақстан халқының ұлттық тағамдар көрмесі өткізілді. Мейрам есте қаларлықтай қызықты және көңілді өтті. Үстелден үстелге бір-бірімізге қонаққа бардық, әртүрлі ұлттардың тағамдарының дәмін таттық, тағамды әзірлеу жолымен бөлістік.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?