«Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ -де Қарттар күні

     Халықаралық қарттар күні – барынша жаңадан тойланып жүрген мереке. Бұл мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясының ресми жариялауынан кейін – «Халықаралық қарттар күні» - деп атап өтетін болды. Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы әр жыл сайын осы күні өз зейнеткерлерін құрметтеп, құттықтайды. Үстіміздегі жылдың 27 қыркүйегі күні «А» корпусының акт залында «Өмірдің күзі алтын болсын» деген атпен мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік бағдарлама дайындалып, 60-70 жылдың әндері шырқалды. Кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мерекелік дастархан жайылды. Зейнеткерлер мерекелік көңіл-күймен өткізілген ойын-сауықтар мен биге белсене қатысты. Мереке соңында зейнеткерлер алғыстарын жаудырып тарқасты.

     Риддер қаласының 4 ауданындағы Мәдениет үйінде жылда аудан ардагерлерін Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шараға жинайды. Биыл бұл мереке №17 орта мектептің акт залында өткізілді. 4-ауданның Ардагерлер Кеңесінің төрағасы барлығын жүректен шыққан лебізімен құттықтады, біздің «РАӘҚКО» КММ  және Мәдениет үйінің атынан барған өкілдердің тарапынан да көптеген жылы сөздер мен жүректен шыққан тілектер айтылды. Мерекелік концертте «Рябинушка» ансамблі, «Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ мен «Мәдениет сарайының» жеке орындаушылары өнер көрсетті. Концерт соңында 4-ауданның Ардагерлер Кеңесі мерекеге келген әр қарияға шағын сыйлықтар үлестірді.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?