«Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-ның қызметкерлері орталық кітапханада әлеуметтік қызметкерлер арасында «Жыл мезгілдері» атты семинар өткізді

     Бұл семинар қызмет алушылармен өткізілетін шұғылдану жұмысының түрлері мен әдіс-тәсілдерін көрсете отырып, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Жыл  мезгілдеріне  байланысты жүргізілетін  жұмыс түрлері мен әдістері әр түрлі бейнекөріністер,көрнекілік құралдар, сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы мамандарға көрсетілді.Үйірмеде жасалған балалардың қол еңбек жұыстарының көрмесі ұйымдастырылды.Семинар  барысында әлеуметтік қызметкерлер ой пікірі тыңдалып, өз ойларын білдіріп, іс-тәжірибемен алмасты. Семинарға жаңадан қабылданған қызметкерлер қатысып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.  Балалармен шұғылдану кезінде  осындай тәжірибе алмасудың өз нәтижесін берері сөзсіз.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?