«ШҚО Семей қаласының зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ-де күндізгі бөлімде демалушы ардагерлермен облыстық Достоевский мұражайына саяхат жасалынды

     «ШҚО Семей қаласының зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ-де күндізгі бөлімде демалушы ардагерлермен  ұлы жазушы Ф.М. Достоевскийдің  мерейтойына орай  облыстық Достоевский мұражайына саяхат жасалынды.

     Ардагерлер суретті экспонаттардан  жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы  туралы  мол мағлұматтар алды. Жүйелі түрде әңгімелеу және көрсету арқылы жазушының белсенді  шығармашылық іс- әрекеті басталған  кездері және  бүкіл өмірінің  кезеңдері : балалық шағы,  әскери училищеде  оқыған жылдары,  саяси қуғын- сүргін, Семейдегі жер аудару жылдары  айтылды. Достоевскийдің жан дүниесімен  астасып жатқан ұсынылған экспонаттар  өзінің   безендірілуінің ерекшелігімен  таң қалдырды. Шоқан Уалихановпен  достық және шығармашылық  кезеңі де назардан  тыс қалмады. Ардагерлер  жазушының  жеке  өмірі туралы,   тіпті  мұражайға жиі келіп тұратын ұрпақтары туралы да  көптеген қызықты деректермен танысты. Саяхат соңында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  мектеп оқушыларына  арналған қөрмені тамашалады.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?