«Шығыс Қазақстан облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016-2018 жылдар) іске асыру барысы туралы» ақпарат

Шығыс Қазақстан облысында 59475 мүгедек тіркелген оның ішінде І-топ мүгедектері 5991, ІІ-топ мүгедектері 26517, ІІІ-топ мүгедегі 22004 адам, мүгедек балалар 14902, оның ішінде мектеп жасына дейінгі мүгедек балалар-3795, мектеп жасындағы мүгедек балалар 11107, ( мүгедектік 4963 адамда анықталды).

«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 20 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016 – 2018 жылдар) (бұдан әрі –Жоспар) орындау бойынша жұмысты облыстық кеңес пен ШҚО облыстық кеңес жанындағы ерекше талаптарымен азаматтар құқықтарын қорғау жөніндегі сараптау жұмыс тобы үйлестіреді.

Іс-шаралар жоспарының негізгі міндеттері мүгедек адамдардың тіршілік-тынысының барлық саласындағы объектілер мен қызметтердің қолжетімділігі механизмдерін жетілдіру болып табылады. Жоспарда 8 бөлім көзелген.

Бірінші бөлім ұлттық заңнаманы жетілдіруге және оның іске асырылуын мониторингілеуге бағытталған.

Үйлестіру кеңесінің және саратау тобының  мүшелері мүмкіндігі шектеулі адамдармен, ҮЕҰ, әлеуметтік қызметшілермен, қоғамдық бірлестіктерменмүгедектер құқығын қорғау саласын, олардың заманауи талаптарына сәйкестігін мониторингілеу мақсатында облыстың қалалар мен аудандырына барып кездесулер өткізеді (2016 жыл – 25 кездесу, 2017 жылғы  1 тоқсан – 6 кездесу).

Басқарма ЕжХӘҚМ бірлесіп, өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамдар мен отбасыларыы қажеттілігін бағалауға деген көзқарасты көздейтін арнайы әлеуметтік қызметтің кіріктірілген моделін енгізу бойынша «Зубр» әлеуметтік қорымен ынтымақтастық жүзеге асыруда. Пилоттық өңірлер болып Өскемен қаласы мен Глубокое ауданы және өмірлік қиын жағдайға ұшыраған 30 отбасы анықталды. Осы жобаны енгізуге жауаптылар белгіленді. Бұл жобаны іске асыруға облыстық бюджеттен 11 млн.теңге бөлу қажет. Бюджеттік өтінім берілді.

Министрлікке осы саланы реттейтін НҚА-ға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар қалыптастырылып, жолдануда.

Іс-шаралар жоспарының екінші бөлімі әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігіне бағытталған.

Бұл бөлімде бірінші және екінші кезеңдер шеңберінде іске асырылған ғимараттардың, құрылыстардың және көлік инфрақұрылымның қолжетімділігі бойынша қабылданып жатқан шараларды жалғастыру көзделген.

2016 жылы 506 объектіге паспорттау жүргізілді (100%).

2017 жылы паспорттауды өткізу 503 объектерде, бейімдеуге 359 объекті жоспарланған. 2017 жылғы 1 сәуірде 358 паспортталды, 33 – жартылай паспортталды.

3171 спорттық ғимарат іске қосылған, оның 1 673 мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді.

Өскемен қаласының әуежайы қолжетімді: мүгедектерге арналған тұрақ, кіреберіс топтары пандустармен жабдықталған, кассаларда және анықтау бюрода арнаулы сөйлесу құрылғылары бар, мүгедек арбалар ұсынылады, мүгедектер ұшаққа дейін арнаулы автолифтпен жеткізіледі.Брайль азбукасының шрифттерін колданумен ақпараттық қорғау орнату жоспарланып отыр.

Семейдегә әуежайда санузел, пандус және турникеттер, сондай-ақ ұшақтарға және көліктерге жеткізу үшін арбалар мен арнаулы машиналар бар, арнаулы ақпараттық белгілер, стендттер, таблолар көзделген.

Защита стансасында мүгедек жүргізушілер үшін кассаларда және анықтау бюрода арнаулы сөйлесу құрылғылары бар.

Семей қаласы теміржолында нашар көретін және нашар еститін мүгедектер үшін кресло арбалар бар, кассаға және күту залына мүгедек арбамен жету үшін құрылғылар орнатылған.

Өскемен қаласының орталық автобекетінде таксофон және мүгедек арбашылар үшін автобустарға арналған пандустар орнатылған. Семей қаласының автобекеттерінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кресло-арбалар сатып алынды.

2016 жылы жолдарды дабылды және жарық құрылғылармен жабдықтау үшін 5 256 мың теңге республикалық бюджеттен бөлінді. 2017 жылы бұндай іс-шараларға қаражат көзделмеген.

7 инватакси қызмет етеді: оңын ішінде 3 Семей қалада, 4 Өскемен қалада, 2016 жылда 378мүгедектерден тускен 10269 өтінімдері орындалған  (24 725 мың теңге жергілікті бюджеттен). Жұмыс осы бағыттаумен жалғастырылады. 2017 жылда 237 мүгедектерден тускен 2 990 өтінімдері қабылданды (5 530 мың теңге көзделді).

2016 жылы 36 тексеру жүргізілді, 29 объектіде бұзушылық анықталды, 275 730 мың теңге сомаға әкімшілік айыппұл салынды. 2017 жылы 3 объектіде тексеру жүргізілді, 3 нұсқаулық берілді.

Үшінші бөлім мүгедектік профилактикасына және оның алдын алуға бағытталған.

2016 жылы 5363 компенсаторлық құралдар 525 млн.теңге сомаға, 937 жылжу құралдары 92,7 млн.теңге сомаға сатып алынды.

2017 жылы компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етуге 467,9 млн теңге көзделді, 85 694 теңге қозғалу құралдарына, 181 682 мың теңге протездік-ортопедиялық бұйымдарға, 68549 мың теңге санаторлы-курорттық ем алуға, 32 356 мың теңге кохлеарлық импланттарды ауыстыруға, 31920 мың теңге ымдау тілі маманының қызметін ұсынуға көзделді.

 Зырян ауданы Грехово кентінде 80 орынға арналған Оңалту орталығы жұмыс істейді. Қызметтерді тірек-қозғалу аппараты бұзылған

Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша төртінші бөлім шеңберінде көру қабілеті бұзылған балаларды ірі қаріптері және Брайль қарпі бар оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешенмен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету, кәсіп алуға бағдарланған арнайы (түзету) мектептер үшін арнайы оқу бағдарламаларын қайта қарау, медициналық-әлеуметтік мекемеде әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету тәсілдерін қайта қарау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге кедергісіз қолжетімділік жасау жоспарлануда.

Инклюзивтік білім беру үшін 128 мектепте (19,5 пайыз) жағдайлар жасалған. Оған 1746 бала тартылды (11,7 пайыз). 87 арнаулы (түзеу) сыныптары ашылды, онда 815 бала оқиды. 802 бала жалпы мектептердегі процеске кіріктірілген. 129 бала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына барады.

Өскемен қаласында 100 орынға арналған ерекше білімдік талаптарымен балалар үшін интернат-мектептері ашылды.

Бесінші бөлім арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған.

17 үкіметтік емес ұйымдары облыстың түрлі өңірлерінен мемлекеттік сатып алу рәсімі арқылы арнаулы әлеуметтік көмек алуда.

2016 жылы осы қызметті 1089 адам алды (183 217,2 мың теңге).

2017 жылы 1099 адамды қамту жоспарланып отыр (194 347,1 мың теңге): 14 үйдегі бөлімдер (859 адам), 8 жартылай стационар (240 адам).

15 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарда 2736 қарттар мен мүгедектер тұрады (8- жалпы үлгідегі оталықтар (1013 адам),                                       4- психоневрологиялық дертімен адамдарға арналған 1419 төсек орынды,                 3 - психоневрологиялық дертімен балар үшін, онда 304 бала тұрады.

Алтыншы бөлім мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға бағытталған.

2016 жылдың басынан жұмыспен қамту органдарына мүмкіндігі шектеулі адамдар санынан жұмысқа орналасуда көмек алу үшін 1159 адам өтініш білдірді, оның ішінде 480 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 592 адам жолданды, оқуға            30 адам жіберілді, жастар іс-тәжірибесіне 24 адам және әлеуметтік жұмыс орындарына 22 адам орналастырылды (өтініш білдіргендер санынан 99 пайыз).

2016 жылы мүгедектер «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының механизімі арқылы жұмыспен қамтылған. Бағдарламаның қатысушылары құрамына 372 аталған санаттағы адам енгізілді.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотаны іске асыру үшін                       423 кәсіпорын анықталды.

2017 жылғы 1 сәуірде  жұмыспен қамту органдарына мүмкіндігі шектеулі адамдар санынан жұмысқа орналасуда көмек алу үшін 328 адам өтініш білдірді, оның ішінде 40 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 149 адам жолданды, жастар іс-тәжірибесіне 10 адам және әлеуметтік жұмыс орындарына 5 адам орналастырылды.

2017 жылы мүгедектер Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының механизімі арқылы жұмыспен қамтылған. Бағдарлама қатысушыларының құрамына 198 адам енгізілді.

Іс-шаралар жоспарының жетінші бөлімі мәдени және спорттық өмірге араласу, бос уақыт пен демалысты өткізуге бағытталған.

2015 жылдан Өскемен қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы жұмыс істейді. Ағымдағы жылы клубта 380 мүгедек спортшы есепте тұр және 15 тренер жұмыс істейді  (шашки, шахматы, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, жүзу, шанғы, армрестлинг, боулинг, тогызқумалак, иппотерапия).

Иппотерапия бойынша оқыту жүргізілуде (2016 жылы – 144 адам; 2017 жылы 228 бала кезекте тұр).

Облыста мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін мұражайлар, көрмелер, автобустық экскурсиялар, лекциялар, мастер-сыныптар, конкурстар, концерттер және т.б. ұйымдастырылуда.

Қоғамның мүгедектігі бар адамдарға оң қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша сегізінші бөлім.

Ақпаратқа жеңіл қол жеткізу мақсатында 2 жаңалықтар телеарнасы  шығады, ол сурдоаудармамен сүйемелденеді. 2016 жылы осы мақсатта 21476,0 мың теңге республикалық бюджеттен бөлінді, қоса қаржыландыру жергілікті бюджеттен 6443 мың тегеге. 2017 жылы республикалық бюджеттен 12 515 мың теңге бөлінді, 3 531,8 мың теңге игерілді.

2017 жылғы 31 наурызда»Нұр Отан» партиясның облыстық филиалымен бірлескен «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде халықаралық мүгедектердің құқытары үшін күрес күнін мерекелеуге бағытталған мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы басталды.

Жоспарды іске асыру бойынша жұмысты барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен секторлар атқарады. Бірақ проблемалық мәселелер әлі көп. Нақты мүгедекпен атаулы жұмыс істеу жиі талап етіледі.

Жоспарды орындау мәселесі үйлестіру кеңесінің балауына алынды, жұмыс жалғасын табады.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?