«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» Мемлекеттік мекемесі «Б» корпусына бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» Мемлекеттік мекемесі  070002, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, анықтама телефондары 8(7232)75-32-22, 75-40-43, oblzan@socialvko.gov.kz электрондық мекенжай, «Б» корпусына бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

         1. Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен. 

Функционалдық міндеттері:«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңын, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңын дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, шартты ақшалай көмек, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, тұрғын үй көмегін көрсету, оны тағайындау мәселелері бойынша өңірлік бөлімдерге әдістемелік көмек көрсету. Біржолғы ақшалай өтемақыны төлеу және тағайындау жөнінде кеңес беру. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларынасәйкес мейрамдарға әлеуметтік көмек мөлшері келісімін қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, әлеуметтік карталар, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мониторингі. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, АИС бағдарламасын мониторингілеу. Әлеуметтік көмек: «АӘК, МБК, ТҮК» және «Е-собес» есептерді жоғары органдарға уақтылы және сапалы ұсынуды бақылау. Басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар (қаржылық, есеп және аудит, экономикалық, статистика және мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент), немесе білім саласындағы мамандықтар (химия, биология, математика, информатика), немесе техникалық ғылыми және технологиялар саласындағы мамандықтар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техника және бағдарламалық қамту) бөлімдерінің  мамандықтары бойынша жоғары білімімен.

 

         2. Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен. 

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын құрастырады және веб-порталда орналастырады. Басқарманың мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізеді. Келісім-шарттар жасасады. Уәкілетті органдарға тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп қабылдайды, өңдейді және ұсынады. Іс қағаздардың, хаттардың жобаларын жасайды. Белгіленген тәртіпке сәйкес өкімдік құжаттардың орындалуынжүзеге асырады. Өз міндеттерін орындау мақсатында ведомствоға бағынысты мекемелерден анықтамаларды, есептерді және басқа құжаттарды сұратады. Тексеру барысында кемшіліктерді жою жолын табады, ұсыныстар енгізеді. «LotusNotеs» базасында электрондық құжатайналымы жүйесінде жұмыс істеу. ИСО талаптарына сәйкес өз лауазымдық міндеттерін орындайды. Басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар (экономикалық, қаржылық, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент) немесе құқық саласындағы мамандықтар (юриспруденция) бөлімдерінің  мамандықтары бойынша жоғары білімімен.

 

3.  Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен. 

Функционалдық міндеттері: Облыстық бюджеттік комиссияның қарауына қажетті материалдар дайындайды. Коллегия, комиссия, кеңес отырыстарына материалдар әзірлеу кезіндегі деректерді қорытындылау және жинау. Бөлімдегі ағымдағы жұмысты орындайды,  Аумақтарды дамыту бағдарламасының бөлімдерін әзірлеуге қатысады. Республикалық бюджеттен төменгі бюджеттерге нысаналы ағымдағы трансферттерді бөлуді және қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бағдарламалар бойынша ақпараттар жинағын қабылдауды және құруды қамтамасыз етеді. Құжаттардың, іскерлік хаттардың жобаларын әзірлейді. Белгіленген тәртіпте өкімдік құжаттардың орындалуын жасайды. Ведомствоға бағынысты мекемелерден жүктелген міндеттерді орындауға қажетті құжаттар, анықтамалар, есептер және басқа мәліметтер сұрайды. Бөлімнің жұмысы, тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу. «LotusNotеs» базасында электрондық құжатайналымы жүйесінде жұмыс істеу. ИСО талаптарына сәйкес өз лауазымдық міндеттерін орындайды. Басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес» (экономикалық, қаржылық, есеп және аудит) бөлімдерінің  мамандықтары бойынша жоғары білімімен.

 

4. Еңбек нарығын талдау және мониторингілеу бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне), D-О-4 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен; 

Функционалдық міндеттері: Аумақтарды дамыту бағдарламасының орындалу барысына талдау жүргізу. Облыс кәсіпорындардан  жұмыстан босатылғандар туралы әр апта сайын есеп береді және талдау жұмысын жүргізеді. Аудандар кесіндісінде кәсіпорындар бойынша босатылу барсын талдайды және есеп жүргізеді. Облыс әкімі, қызметшілердің облыстық бірлестігі және жұмысберушілер арасындағы үшжақты келісім-шартты әзірлеуге, келісімдеуге және бекітуге қатысады. әлеуметтік серіктестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия жұмысының жоспарын және бақылау жасауына қатысады, оның отырыстарын өткізуге және ұйымдастыруға қатысады. Жоғары органдарға 3-ТН (жасырын) статистикалық есебін жинайды және тапсырады. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс орындарын құру бойынша мәлімет жасау. Жұмыспен қамту қызметіне мәлімделген бос жұмыс орындарының, сондай-ақ жұмыссыздар құрамының мониторингін жүргізеді. Міндетті зейнетақы жарналарынамониторинг жүргізеді. Басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: «Құқық саласындағы мамандықтар (заңгерлік, халықаралық құқық), немесе техникалық және гуманитарлық ғылыми саласындағы мамандықтар (ақпараттық жүйелер, есептеу техника және бағдарламалық қамту), немесе әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес саласындағы мамандықтар (қаржылық, есеп және аудит, экономикалық, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару), білім саласындағы мамандықтар (педагогика және психология, кәсіби оқыту), немесе қызмет көрсету саласындағы мамандықтар (әлеуметтік жұмыс) бөлімдерінің  мамандықтары бойынша жоғары білімімен.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

 3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

 4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына» қолма-қол тәртіпте, не почта арқылы, не oblzan@socialvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1)        «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)       3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3)       бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi немесе көшірмелер түпнұсқалармен салыстыру үшін;

4)       еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi немесе көшірмелер түпнұсқалармен салыстыру үшін;

5)       Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)       Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)       құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі) немесе көшірмесі түпнұсқамен салыстыру үшін;

8)       конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) немесе көшірмесі түпнұсқамен салыстыру үшін.

Егер конкурс жариялаған бос орынға еңбек тәжірибесінің қажет етпеген жағдайда және азамат еңбек қызметін жүзеге асырылмаған жағдайда, оның еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмесінің ұсынылуы қажет емес.

Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында өтеді.

Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссиясының отырысына қадағалаушылар шақырылады.

Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары және барлық деңгейдегі мәслихат өкілдері, ақпарат құралдар өкілдері, аккредиттік тәртіпте, Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте, басқа мемлекеттік органдар, біріккен қоғамдық (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдар және саяси партиялар, уәкілеттік органдардың қызметкерлері конкурстық комиссиясы отырысының қадағалаушылары ретінде қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, 209 кабинетке тапсырылуы тиіс.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 (бес) жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

         Анықтама телефоны: 8 (7232)75-32-22, s.abakova@akimvko.gov.kz

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?