«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ «Б» корпусына бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 

«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» Мемлекеттік мекемесі  070002, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, анықтама телефондары 8(7232)75-32-22, 75-40-43, oblzan@socialvko.gov.kz электрондық мекенжай, «Б» корпусына бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Әкімшілік бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен; 

Функционалдық міндеттері:Басқармада және ведомствоға бағынысты мекемелерде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, норма шығарамашылық, наразылық-талап жұмыстары, нормативтік-құқықтық актілерінің мониторингілеуді, кеңес жұмысын,  заңгерлік дерекқорында жұмыс жүргізу. Қызметшілерге тәртіптік жаза қолдануы, жұмыстан босатуды, аумастыруды заңдылығын тексеру. «Заңгерлік тиімділігін қаматамасыз ету» бағыты бойынша іс-әрекеттену тиімділігін бағалау жөніндегі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету. «Нормативтік құқықтық актілерін келісімі» мемлекеттік органдары ақпараттық порталында жұмыс істеу. Сотта және өзге де органдарда басқарманың құқықтық мәселелер бойынша мүддесін ұсынады. Заңнама талаптарына сәйкес бұйрықтардың, нұсқаулардың, ережелерін және басқа құқықтық құжаттамалардың жобасын тексеруін жүргізеді. Құқықтық сипаттағы ішкі және өзге де құжаттарды заңнама талаптарына сәйкестікке тексеру. Басқарма қызметін реттейтін мәселелер бойынша нормативтік немесе құқықтық сипаттағы актілер жобасын әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: «Құқық» бөлімінің  мамандықтары бойынша жоғары білімімен.

 

2. Жиынтық-талдау бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен; 

Функционалдық міндеттері: Операциялық жүйелерді, стандарттық бағдарламалық қамтуды, жеткізілетін бағдарламалар мен жүйелерді орнату және жөнге келтіру. Басқарманың түрлі компьютерлік қондырғылары, өңірлік бөлімшелер, Министрлік арасындағы коммуникация желілерін құру, жөнге келтіру және жұмыс жағдайында ұстау. Жүйелердің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету және бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау. Есептер файлын қалыптастыру және беру, электрондық поштаны алу және жіберу. Өңірлік бөлімшелердің және басқарманың мамандарына консультация беру және практикалық көмек көрсету. Ұйымдастырушылық техникаға жоспарлы алдын алу және техникалық қызмет көрсету. Басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: «Техникалық ғылыми және технологиялар» (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есепті техника және бағдарламалық қамту), «Құқық» (заңгерлік, халықаралық құқық), «Әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес» (экономикалық, қаржылық, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) бөлімдерінің  мамандықтары бойынша жоғары білімімен.

 

3.  Жоспарлау, қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен; 

Функционалдық міндеттері: Облыстық бюджеттік комиссияның қарауына қажетті материалдар дайындайды. Коллегия, комиссия, кеңес отырыстарына материалдар әзірлеу кезіндегі деректерді қорытындылау және жинау. Бөлімдегі ағымдағы жұмысты орындайды,  Аумақтарды дамыту бағдарламасының бөлімдерін әзірлеуге қатысады. Республикалық бюджеттен төменгі бюджеттерге нысаналы ағымдағы трансферттерді бөлуді және қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бағдарламалар бойынша ақпараттар жинағын қабылдауды және құруды қамтамасыз етеді. Құжаттардың, іскерлік хаттардың жобаларын әзірлейд. Белгіленген тәртіпте өкімдік құжаттардың орындалуын жасайды. Ведомствоға бағынысты мекемелерден жүктелген міндеттерді орындауға қажетті құжаттар, анықтамалар, есептер және басқа мәліметтер сұрайды. Бөлімнің жұмысы, тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу. «LotusNotеs» базасында электрондық құжатайналымы жүйесінде жұмыс істеу. ИСО талаптарына сәйкес өз лауазымдық міндеттерін орындайды. Басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес» (экономикалық, қаржылық, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент), «Құқық» (заңгерлік) бөлімдерінің  мамандықтары бойынша жоғары білімімен.

 

4. Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен; 

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, шартты ақшалай көмек, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, тұрғын үй көмегін көрсету, оны тағайындау мәселелері бойынша өңірлік бөлімдерге әдістемелік көмек көрсету. Облыстық кедейлік белгісінен және азық-түлік есебетінен төмен табысымен азаматтарға әлеуметтік төлем  мәселелері бойынша Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысады. Ведомстволық есептілікті құру. Табысы аз азаматтарға әлеуметтік төлемдер туралы мәліметтерді қорытындылау және мониторинг жүргізу. Әлеуметтік бағдарламалар жөнінде түсіндіру жұмыс. Біржолғы ақшалай өтемақыны төлеу және тағайындау жөнінде кеңес беру. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, әлеуметтік карталар, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мониторингі. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, АИС бағдарламасын мониторингілеу. Әлеуметтік көмек: «АӘК, МБК, ТҮК» және «Е-собес». Басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес» (қаржылық, есеп және аудит, экономикалық, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент), «Білім» (орыс тілі және әдебиет, химия, биология, қазақ тілі және әдебиет, тарих, құқық және экономика негіздері), «Қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс), «Техникалық ғылыми және технологиялар» (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техника және бағдарламалық қамту) бөлімдерінің  мамандықтары бойынша жоғары білімімен.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

 3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

 4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына» қолма-қол тәртіпте, не почта арқылы, не oblzan@socialvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1)        «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)       3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3)       бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi немесе көшірмелер түпнұсқалармен салыстыру үшін;

4)       еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi немесе көшірмелер түпнұсқалармен салыстыру үшін;

5)       Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)       Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)       құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі) немесе көшірмесі түпнұсқамен салыстыру үшін;

8)       конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) немесе көшірмесі түпнұсқамен салыстыру үшін.

Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында өтеді.

Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссиясының отырысына қадағалаушылар шақырылады.

Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары және барлық деңгейдегі мәслихат өкілдері, ақпарат құралдар өкілдері, аккредиттік тәртіпте, Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте, басқа мемлекеттік органдар, біріккен қоғамдық (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдар және саяси партиялар, уәкілеттік органдардың қызметкерлері конкурстық комиссиясы отырысының қадағалаушылары ретінде қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, 209 кабинетке тапсырылуы тиіс.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

         Анықтама телефоны: 8 (7232)75-32-22, s.abakova@akimvko.gov.kz

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?