«Сиқыры кемпірқосақ түстері» тақырыбында ашық сабақ

    Облыстық халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді, онда әлеуметтік қызметшілер мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілеттерін дамытады, оларды мектепке дайындайды, іс-тәжірибе алмасу үшін кейбір оқулар ашық режимінде өткізіледі.

     2017 жылдың қантар айында әлеуметтік қызметкер Нурмухаметова А.К. қызмет алушы – Қ.Темірланмен (7 жас) «Сиқыры кемпірқосақ  түстері»  атты ашық сабақ өткізді.

      Сабақтың мақсаты қызмет алушының негізгі түстер туралы түсінігін бекіту. Сабақтың тақырыбын жете түсінуін қалыптастыру үшін әртүрлі әдістер, қызмет алушыны өмірлік жағдайға елiктiру («Бағдаршам» ойыны), әртүрлі заттармен байланыс (сурет салу) қолданылды. Көрнекілік құралдар, суретті материалдар және сабақты ойын түрінде өткізілгені - баланың қызығушылығын сабақтың аяғына дейін сақтады.

     Сабақ барысында Темірлан өзінің түстер туралы білімділігін, пазл жинау тәсілін көрсете білді; алдына қойған талаптарды орындап, сұрақтарға дұрыс жауап берді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?