«Тәуелсіз Қазақстан Президенті» атты тақырыпқа дөңгелек үстел

     Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Белгілі тұрағы және құжаттары жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 28-ші қарашасында 1 желтоқсан Тұңғыш Елбасы күні мерекесіне орай «Тәуелсіз Қазақстан Президенті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Қатысқан қарамақтағылар саны 70 адам. Дөңгелек үстелде Тұңғыш Президенттің елімізді Тәуелсіздік жылдарында аз ғана уақыттың ішінде бірқатар жылдам дамып келе жатқан елдердің қатарына қосуға үлкен үлес қосқаны жайлы талқыланды. Тәуелсіздік жылдарында, басқа елдер жүздеген жылдарда жеткен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ сөзсіз Тұңғыш Президенттің Н.Ә.Назарбаевтың жан-жақты қолдауы мен аударған назарының арқасында түбегейлі жақсы өзгерістер мүмкін болды. Қазақстан қоғамын әлеуметтік модернизациялау үшін берік негіз құратын нормативті-құқықтық құжаттар, даму Бағдарламалары және негізгі қалаушы Заңдар қатары Елбасымен бастамашылыққа алынып кейін қабылданды.

      Іс-шараның мақсаты - қарамақтағыларға республикамызда қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуда Тұңғыш Президенттің рөлі туралы, сонымен қатар еліміздегі тәуелсіздік жылдарында Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жеткен жетістіктерді көрсетіп, осы мерекенің мәні мен маңыздылығы жайлы түсіндіру.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?