«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру туралы

 

     «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2016 жылға 9 530,4 млн. тенге көзделді. Есептік мерзімге қаржылық жоспар 5683,6  млн.теңгені құрады, оның ішінде 4140,2 млн.теңге немесе 72,8% игерілді.

     «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылымды дамыту» бірінші бағытты жүзеге асыруда

     2016 жылы республикалық бюджеттен 4 траншқа – 5748,9 млн.теңге бөлінді. 

     Жобаны іске асыру үшін 2016 жалы 630 жоба бекітіліп, жаңа 2986 жұмыс орындары құрылды, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1603 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

    Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу бойынша 617 жобаға конкурс жарияланып, 535 жобаның қорытындысы шығарылды. 516 нысан бойынша жұмыс басталған. 2013 жұмыс орындары құрылып, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1057 адамды жұмыспен қамтылды.

     Есепті кезеңге қаржыландыру жоспары 2698,4 млн. теңгені құрады, соның 2260,4 млн. теңгесі (83,8%) игерілді.

     Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» екінші бағыт бойынша.

     Ағымдағы жылда кәсіпкерлік негізін оқыту үшін 19,3 млн. тенге бөлініп, бекітілген Ережеге сәйкес жасалған шарт бойынша аймақтық кәсіпкерлер палатасына берілді.

     Кәсіпкерлік негізін оқыту үшін 490 адамнан құралған тізім дайындалды. Оқыту уақыты бекітілген кестеге сәйкес басталады.

     Микрокредиттеуге 1950,0 млн. тенге көлемінде қаржы бөлінген. Осыған орай бағытты жүзеге асырыған жағдайда 1200 жұмыс орыны құралады.

     2016 жылы қаржыландыру жоспары 1000,0 млн. теңгені құрады. Іс жүзінде 516,4 млн. теңге игеріліп, 218 адам қаражат алды. Облыс бойынша қаражатты игеру көрсеткіші 51,7 % құрады. Есепті кезеңге 516,4 млн. тенге игеріліп, 2016 жылдың 1 қазанында 100 % игерілді.

     «Жұмыс беруші тапсырысы бойынша көшіру және оқытып, жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» үшінші бағыт.

     Үшінші бағытты жүзеге асыруға 2016 жылы 2096 адамға 418,2 млн. тенге бөлінді.

     Жұмыс берушілердің өтініштеріне сәйкес ағымдағы жылы 32 сұраныстағы мамандықтармен 956 адамды кәсіби біліммен (оның ішінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасының өзектілігі аясында) қамту көзделген. Бұл мақсатта республикалық бюджетте және Ұлттық қор қаражатынан 181,9 млн. теңге қаржыландыру қарастырылған.

     Ағымдағы жылдың 9 айлық жылдық жоспар көрсеткіші бойынша кәсіптік оқытуға 81 % немесе 778 адам жіберіліп, есеп беру кезеңінде 92,5 млн. теңге игеріліп, қаржыландыру жоспарының 71% орындалды.

     Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін қаржыландыру жоспары бойынша 76,9 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда 77 млн. теңге игерілді (99,8%). Жылдық жоспар бойнша 400 әлеуметтік жұмыс орындарына 708 адам (177%) жұмысқа орналасты.

     Жылдық жоспар бойынша 400 орынға 487 адам оқу орындарының түлектерін, еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілеттігін арттыру үшін жастар тәжірибесіне жіберілді. Есепті күнге 58,8 млн. теңге қаржы көлемі көзделіп, 56 млн. теңгесі (95,2%) игерілді.

 

     «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек қорының ұтқырлығын арттыру» екінші компонент.

      2016 жылы аталған бағытты жүзеге асыру үшін барлығы 910,9 млн. тенге бөлінді, олар:

- қызметтік тұрғын үй құрылысына және сатып алуына 747,4 млн. теңге;

- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға – 84,1 млн.теңге;

- көшу субсидиясын төлеу үшін - 79,4 млн. теңге.

     Есептік кезеңде қаржыландыру жоспары бойынша қызметтік тұрғын үй салуды, сатып алу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 747,4 млн. теңгені құрайды, нақты игерілгені – 672,1 млн. теңге (89%).

     Көшу субсидиясын төлеу есепті күнге қаражатты игеру бойынша 3,15 млн. теңгені немесе 100% құрады.

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?