«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының өнімдерін сату жәрмеңкесінің ПРЕСС-РЕЛИЗІ

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының

өнімдерін сату жәрмеңкесінің

ПРЕСС-РЕЛИЗІ

 

          2015 жылғы 21 қарашада сағат  9-00-де Өскемен қаласының  «Металлург» мәдениет сарайының алаңында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының  қатысушыларымен өндірілген өнімдерді сату екінші жәрмеңкесі өтті.

          Жәрмеңкеге облыстың қалалары мен аудандарынан өз меншігін ашуға не болмаса кеңейтуге шағын несие алған бағдарламаның 60-тан аса қатысушысы қатысты.

          Азық-түлік  өнімдерінің кең түрі ұсынылды: ет – 6,7 тн. (сиыр еті – 3630 кг, жылқы еті – 220 кг, шошқа еті  - 950 кг, қой еті – 330 кг, құс еті – 75 кг) бал – 1678 кг,  жұмыртқа – 62 қорап, күнбағыс майы – 150 л., ірімшік, сүт – 50 л., қымыз 365 л., көкөністер – 8,3 тн. аса (картоп – 2,6 тн., сәбіз – 1,7 тн., орамжапырақ – 1,8 тн., қызанақ – 500 кг. және басқа да көкөністер), сары май, нан өнімдері.

         Бұдан басқа жәрмеңкеде азықтық емес тауарлар: тігін өнімдері (төсек-орын жабдықтары, балаларға және ересектерге арналған киімдер, арнаулы киімдер) аяқ киімдер, құмблоктары, ағаш-ұста  өнімдері, жиҺаз.

         Өндірілген өнімдер  мен тауардың бағасы тікелей өндірушіден ұсынылды.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?