«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру туралы

     2016 жылғы 25 қазанда ШҚО Ақпараттық орталығында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовтың тапсырмасымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағытын іске асыру мәселелері жөнінде БАҚ өкілдерімен пресс-конференция өтті. Бұл бағыт өз бастамасын 2011 жылдан бастап бағдарламамен бірге алған.

     Кездесуде бағыттың басты мақсаттары, іске асырылып жатқан жобалар, сонымен қатар игеру пайыздарын көрсетумен қаржыландыру сомалары аталды.

    Бұл бағыт халықты инфрақұрылымды жобаларды іске асыру арқылы жұмысқа орналастыруды қарастырады: білім, денсаулық сақтау, инженерлік-транспорттық инфрақұрылымдардың, тұрғын үй-коммуналдық шарушылықтың объектілеріне капиталды, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және тұрғылықты жерлердің абаттандыруы. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдауды іске асыруда ауылдық тұрғылықты жерлер басымдылық алады.  

     Бағытты іске асыру үшін барлық кезеңге республикалық бюджеттен 16,9 млрд. теңге 1254 жобаны жөндеу үшін бөлінді.

     Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 6291 жұмыс орындары құрылып, онда жұмыспен қамту орталықтары арқылы 3121 жұмыссыз жұмысқа орналасты, бұл (49,6%.) құрайды.

     2016 жылы бағдарламаның бірінші бағытының қаржыландыру сомасы 4 транш арқылы 5 748,9 млн. теңге бөлініп, 630 жоба 2986 жұмыс орнын құруға бекітілді, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1603 жұмыс орны.

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?