«Жеңістерге бірге»

2018 жылдың 21-23  мамыр  аралығында   Астана қаласында  Қазақстан  Республикасы  тұңғыш   президенті  - Елбасы  қорының  «Жеңістерге бірге»-«Вместе к  победам» ІІ паралимпиядалық  старттары өтті.

  Жарыста  Қазақстан Республикасының  9 аймағынан  162  адам,  әр топ 18 қатысушыдан  тұрды.  Паралимпиадалық  ойындар  дисциплинасының  келесі  түрлері  болды:

-         Волейбол

-         Шахмат

-         Жүзу

-         Қол  күрес

-         Арбада  билеу

Бұл  жарысқа   есту  және  көру  мүмкіндігі  шектеулі, тірек-қимыл аппараты  бұзылған,  метальді ауытқуы  бар 14-18  жас  аралығындағы  балалар қатысты.

«Үржар  балаларға  арналған  арнайы әлеуметтік  қызмет  көрсету  орталығы»  КММ қызмет  алушысы  Төлегенов  Әлібек   және  оның  жұбы  Мирных  Дарья арбада  отырып  билеу  сайысынан «Алтын» медаль  иегерлері  атанды. Сонымен  қатар  Шығыс  Қазақстан  облысының  қоржынына  2  «Күміс»  медаль салынды.  Нәтижесінде ШҚО  құрама  командасы 2 жүлделі  орынға  ие  болды.

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?