Қайырымдылық айлығы аясында ұйымдастырылған Үржар аудандық «Жеңу-Преодаление» конкурсы мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында өтті

     Қайырымдылық айлығы аясында ұйымдастырылған аудандық «Жеңу-Преодаление» конкурсы  мүмкіндігі  шектеулі адамдар арасында қазан  айының 11 жұлдызында мәдениет үйінде өтті. Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері мен ұжымы осы конкурста белсенділік көрсетті. Төлегенов Әлібек, Манабаев Бағлан, Несіпбаева Мариям, Сапарова Жасмина, Журавлев  Алексейдің тамаша әндерімен, орындаушылық шеберліктері  сахнаның  ажарын  ашты.

     Кедергісіз орта жасауда мекемелер арасында мүгедектерге жағдай жасалған мекемелер  аудандық  зейнетақы төлеу  орталығы, коррекция  кабинеті, Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтын сыйлықтар және дипломмен  марапатталды. «Бәріміз-бірдейміз» - номинациясында 5 конкурсанттың  ішінен Машрупов Жасұланның шоқтығы  биік болып, 50 000 теңгелік сертификатпен арнайы  диплом алды. Машрупов Жасұлан мекемеден  тәрбиеленіп шыққан түлек. 2014 жылы ОҚО Кентау  қаласындағы көпсалалы колледжінің  бухгалтерия факультетін 2016 жылы тәмәмдап, дипломын  алып  Кентау қаласы  әкімшілігінде мүгедектермен жұмыс бөлімінің басшысы болып қызметке орналасқан. Өмірдегі қиындықты жеңіп,  қолжетімді кәсіптік бағдарды игеріп, өзінің тұлғалық  және  әлеуметтік  мәртебесін, қалпына келтіре, қоғамда өз орнын табуы қуантты.

     «Шабыт шаттығы» номинациясында  ерекшеленген Таскескендік Қапас Ермахан мен орталық тәрбиеленушісі Журавлев Алексей болды. Жеңімпаздар бағалы  сыйлықтармен  дипломмен  марапатталды. «Бәріміз-бірдейміз, кемсітуді білмейміз» ұранын көпшілікке насихаттау мақсатында алаңда арбада отырған орталық тәрбиеленүшілері мен қызметкерлері бірлескен  флешмоб жасады. Шараға  қатысушылар  демеушілердің бағалы сыйдықтарымен  марапатталды.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?