Қаланың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен «Жұмыссыздыққа – жол жоқ!» атты брифинг өткізілді

Ақпараттық – түсіндіру жұмысын өткізу бойынша аймақтық кестесіне (медиа-жоспар) сәйкес, 2017 жылдың 28 сәуірінде қала әкімшілігінің пресс - орталығында  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін «Жұмыссыздыққа – жол жоқ!» атты брифинг ұйымдастырды.

Брифингке «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі басшысының орынбасары Б. Мусин, «Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ –нің кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы А. Бұраханова, Кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалының әлеуметтік мәселелер бойынша маманы К. Тоқжігітов қатысты. Қаланың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне еңбек нарығындағы жағдайы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, сұрақтарға жауап берілді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?