"Қамқорлық"

 

БҰЛ ӘЛЕМ БАРЛЫҒЫМЫЗҒА ОРТАҚ

 

 

Өскемен қаласында 2014 жылғы 12 қыркүйекте облыста алғашқы рет болатын және қауымдастық арасында кең қолдау тапқан «Қамқорлық»қайрымдылық акциясы  өтті.

            Шараның басты мақсаты – мүгедектерге  аялы алақан тосып, жүрек жылуын ұсыну. Ертеңге, жарқын болашаққа деген сенімдерін нығайту

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі орталық мешіттің қолдауымен осындай игі істі қолға алды. Бастаманы облыстық  Евангелн-Лютеран және Өскемен қаласының  Рим-католик шіркеулері мен «Пресвятой Дева Мария және Қасиетті Розария» сияқты діни ұйымдары шын ниеттерімен қолдады.

Акцияға 56 адам қатысты, ол мүгедектер, нашар еститін адамдар, көпбалалы аналар.

        Этнографиялық саябақта экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында іс-шараға қатысушылар әндер мен билерді тамашалады. Орталық мешітте жұма-намаз оқылды. Ас бөлмесінде қайырымдылық ас берілді.

        Қатысушылар алдында облыс әкімі Б.М.Сапарбаев  және Ішкі істер Вице-Министрі В.К. Божко сөз сойледі

        Іс-шара барысында 15 нашар еститін азамат сыйлыққа видеокомпьютер алды, оны сатып алуға 3,3, млн.теңге жұмсалды, 10 мугедекке 1,5 млн.теңге жалпы сомаға жаңа арбалар табыс етіледі, оның біреуі заманауи электрқосылғышымен, сомасы 758,9 мың теңге. Осы іс-шараны ұйымдастыруға «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы, облыстық діни конфессиясы белсенді атсалысты. «Казцинк» ЖШС қатысушыларға микротолқынды пештер, телевизорлар, тоңазытқыштарды сыйлыққа берді. Облыстық мәслихат депутаттары жылпы сомасы 173,7 мың теңгеге 11 сыйлық дайындады, оның ішінде микротолқынды пештер, мульти ас әзірлегіштер, тонометрлер, мектепке арналған бұйымдар.

        Акция өткізуге 70 жас ерікті – облыс орталығының жоғары оқу орындарының студенттері жәрдемдеседі.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?