Қазақ хандығының 550-жылдығын тойлау

Қазақ хандығының 550-жылдығын тойлау

 

         Қазақстан 2015 жылы бірнеше үлкен мереейтойларды атайды: Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70-жылдығы, Республика Конституциясына 20 жыл, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20-жылдығы, Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл және Қазақ хандығының 550-жылдығы.

         Осылай ағымдағы жылдың 11-13 қыркүйек кезеңінде еліміздің әр төңірегінде Қазақ хандығының 550-жылдығы мерекесін атау шаралары өтті.

         2015 жылғы 11 қыркүйекте басқарманың қызметкерлерімен жоғарыда көрсетілген шара аталып өтті. Іс-шарада басқарманың әр бөлімімен дайындалған Қазақ хандары олардың басқарған жылдары бойынша әзірленді, олардың өмірінен қызықты фактілер айтылып, хандарға арналған кітаптар мен материалдардан шағын көрме ұйымдастырылды.

         Аталған шараны ұйымдастыруда С.С. Мырзабаева басқарған көші-қон бөлімі ерекшеленді. Олар өз шығарылымдарына креативті келіп, Қазақ ханы Абылайдың өмірінен үзінді ретінде кішігірім қойылым көрсетті.

  



Сіз кім болып жумыс істейсіз?