Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығын мерекелеу

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығын мерекелеу

 

2015 жылғы 30 тамызда еліміздің басты Заңы – Конституцияға 20 жыл толды. Мереке 1995 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпыхалықтық референдумында қабылдануына орай белгіленген.

Конституция – ол Қазақстан халқының еркіндігін және демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруын айқындайтын Заң.

2015 жылғы 28 тамызда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығын атап өтті. Мерекелік шарада құттықтау сөздер мен еліміздің Конституциясы туралы қызықты фактілер айтылды.

20-жылдыққа орай, мерекелік наградалармен (ҚР Конституциясының 20-жылдығы медалі) еңбек жетістіктері үшін марапатталды:

Басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы - Таймулдина Раушан Сабиғазықызы;

Халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы -  Мақадиева Қарлығаш Қабитқанқызы;

Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы - Гао Наталья Викторовна;

«Семей қалалық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ-ң сестрахозяйка - Әділова Гүлжан Алтайқызы;

«Первомай қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ бас медсестрасы - Азамбаева Қорлан Нұрсейітқызы;

«Самар қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ әкімшілік бағыты бойынша директор орынбасары -  Канин Борис Григорьевич;

«Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ тәрбиешісі - Коновалова Галина Алексеевна;

«Аягөз балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ тәрбиешісі -  Мұқышева Марияхан Байқонырқызы;

«Риддер психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ фельдшері -  Никифорова Татьяна Николаевна;

  «Семей қалалық психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ санитары - Пушкарев Юрий Николаевич.

Сонымен қатар, 20-жылдыққа орай белгілермен басқарманың алдыңғы қатарлы қызметкерлері марапатталды. Мерекелік шараның соныңда Өскемен қаласының «Үлбі» территориялық орталығының қызмет алушылары Ескермесов Диас пен Шакен Аяулым орындауында құттықтау әндері орындалды. Олар да бағалы сыйлықтармен марапатталды.                                           

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?