Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында «ҮЛКЕННЕН ҮЛГІ!» «ПРИМЕР СТАРШЕГО ПОКОЛЕНИЯ!» үлкен жастағы адамдардың шығармашылығы облыстық фестивалі

 

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында «ҮЛКЕННЕН ҮЛГІ!»

«ПРИМЕР СТАРШЕГО ПОКОЛЕНИЯ!»

үлкен жастағы адамдардың шығармашылығы облыстық фестивалі

 

2015 жылғы 25 қарашада Өскемен қаласының Металлургтер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында «ҮЛКЕННЕН ҮЛГІ!»-«ПРИМЕР СТАРШЕГО ПОКОЛЕНИЯ!» үлкен жастағы адамдардың шығармашылығы облыстық фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты табыстарды көрсетуге алаңдар құрып, шығармашылық потенциалды іске асыру және қатысушылар арасында жақсы әсерлермен бөлісу болып табылды.

Фестиваль аясында «Әжелер балаларға» акциясы ұйымдастырылып, облыстың медициналық әлеуметтік мекемелерінің әжелері өздерінің тоқылған қолөнерлерін Аягөз ауданының психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесіне сыйлады. 

Іс-шара нысанында 4 конкурс ұйымдастырылды:

  1. «Шебердің қолы алтын» - «Золотые руки мастера» конкурсы. Келетін қонақтардың назарына шығармашылық жолы елу жастан асқан соң пайда болған адамдардың әр-түрлі жұмыстары ұсынылды: суреттер, фотографиялар, қолөнер бұйымдары.

Жеңімпазы - Семин Липат Петрович (Өскемен қаласы).

  1. «Немере–өмір жалғасы» - «Я и мой внук!» атты фотокөрменің басты мақсаты белсенді өмір салтын жүргізетін үлкен жастағы адамдардың бейнелері, өз ұрпақтарымен терең мағыналы байланыста болуын көрсету.

Жеңімпазы – Қалмақбаев Тұрсын (Тарбағатай ауданы).

  1.  «Өнер алды - қызыл тіл» - «Поэзия - зеркало души моей» поэзия конкурсы. Үлкен жастағы адамдар арасында үлкен өмірлік тәжірибесі бар және соны өлең жолдарына сала алатын адамдарды жиі кездестіруге болады.

Жеңімпазы – Жұматов Серік (Тарбағатай ауданы).

  1. «Атамның ақ батасы» - «Напутствие от старших» үлкен жастағы ер адамдар арасындағы конкурс. Қазақтың салт-дәстүріне сәйкес ер адам үлкен болған сайын ол батаның көп түрін білуі тиіс. Бүгінгі күні батаны қазіргі заманға сай беретін адамдарды кездестіру қиын емес.

         Жеңімпазы – Смағұлов Мырзабек (Қатонқарағай ауданы).

Фестиваль жұмысын медиктік әлеуметтік мекемелердің талантарының қатысуымен Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарлама аяқтады. Фестивальдің қонақтары мен көрермендері Өскемен қаласының колледж студенттері мен мектеп оқушылары болды.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?