Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-Министрімен кездесу

     2016 жылдың 20-21 қазанында Өскемен қаласында шетел өкілдерінің қатысуымен «Алтай-Инвест» Халықаралық форумы өтуде. Аталған шара аясында Шығыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-Министрі Светлана Қабыкенқызы Жакупова келіп, өз уақытын басқарма ұжымымен кездесуге бөлді.

     Кездесу барысында Светлана Қабыкенқызы әлеуметтік саланың басты мақсаттарын атап, барлық атқарылатын жұмыстардың нәтижелеріне көңіл аударды. Сонымен қатар, басқарма ұжымын келе жатқан кәсіби мереке Әлеуметтік қызметкерлер күнімен құттықтап, еңбекте жаңа табыстар тіледі. 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?