Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен салтанатты құттықтау

     2016 жылғы 15 желтоқсанда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздінің 25-жылдық күнімен салтанатты құттықтау шарасы өтті.

     Үлкен мерекеге байланысты кездесуге қалалық орталық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жанат Жиенбаева келді. Ол Қазақстан елінің құрылуын тәуелсіздік жайлы фильмдерді көрсетумен айтып берді.

     Басқарма басшысы Елена Васильевна Старенкова өзінің құттықтау сөзінде басқарма жұмысының 25 жыл көлеміндеге басты жетістіктеріне тоқтала кетті.

     Салтанатты іс-шарада басқарманың ардагерлері Ольга Григорьевна Кузовлева, Екатерина Егоровна Квартникова, Василий Константинович Кулик, Ирина Сергеевна Манина, Юлия Филиповна Василенко қатысты.

     Бүгін мемлекеттік қызметшілер қатарына Дина Қапезова тұрып, үлкен ұрпақтардің өсиетін салтанатты түрде алды.

     Кездесудің ерекше бөлімі болып әлеуметтік саланың айрықша көзге түскен қызметкерлерін марапаттау салтанаты табылды. Осылай, Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай медальдармен 16 адам, марапатталды, «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» ведомстволық кеуде белгілерімен 9 адам ерекшеленді, «Еңбек ардагері» белгілерімен Әлия Бариқызы Бариева, Маргарита Трофимовна Денисова, Геннадий Фодорович Русанов марапатталды.

     Әлеуметтік қорғау жүйесінің алдыңғы қатарлы қызметкерлерінің еңбектері бағаланып, жас мамандар үшін көрсеткіштерді жақсартып, арттыруға итермелі күш болды.  

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?