Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар

2017 жылғы 11 шілдеде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» атты облыстық конкурсының іріктеуі жүргізілді. 6 жоба ұсынылды.

Комиссия атжарыс спорты Департаментінің «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген атжарыс спорты арқылы қоғамда өзін жүзеге асыру жолы» жобасын үздік деп таныды. Осы жоба Республикалық конкурсқа қатысады.

Ағымдағы жылғы 14 тамыздан бастап бір ай ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында роликтер орналастырылып, «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрменің жеңімпаздары» атағына интернет дауыс беру ұйымдастырылды.

Дауыс беру кезеңі - ағымдағы жылғы 14 тамыздан 14 қыркүйекке дейін (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында http://www.enbek.gov.kz/ru/node/345734 сілтеме бойынша әлеуметтік жобалардың үздік авторына дауыс беруге болады).

«Мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген атжарыс спорты арқылы қоғамда өзін жүзеге асыру жолы» жобасына дауыс беруге шақырамыз.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?