Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар

     2016 жылдың 27 қазанында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Қ. Дүйсенованың бастамасымен «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» атты Республикалық көрме өтті.

     Өткен шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ өткен жылдардың жеңімпаздары мен ағымдағы жылдың қатысушалары қатысты.

     Аталған шараға Шығыс Қазақстан облысынан Семей қаласының «Асыл» Қоғамдық бірлестігі «Мейірім» жобасымен қатысты. Жоба авторы болып бірлестік төрағасы Толқын Қайсаевна Рахметуллина танылды. «Мейірім» жобасы министрліктің сайтында өткен онлайн дауыс беру шарасында 8305 дауыс жинап бірінші орын иеленді.

     Конкурстық комиссияның шешімімен бірінші орын «Онлайн сурдоаударма қызметі» әлеуметтік жобасының авторы Алматы қаласының тұрғыны Сергей Махашевке берілді. Қаржылай сыйлықтың көлемі –  2 млн. теңге.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?