Қызметтік көлікті қызметтен тыс уақытта пайдаланбау туралы

2017 жылғы 29 қарашада Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты Әдеп жөніндегі уәкілі З.М.Абижанованың басшылығымен басқармада «Қызметтік көлікті қызметтен тыс уақытта пайдаланбау туралы» семинар өткізілді. Семинар барысында басқарма мамандарының мемлекеттік қызметшінің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта әдеп сақтау қажеттігі туралы естеріне салды.

Этикалық кодексті бұзу бойынша қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдалануда мысалдар келтірілді, сондай-ақ ШҚО бойынша мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілері акаунттарына мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін суреттерді орналастыру бойынша мониторинг нәтижелері айтылды.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?