Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа тәсілдері мен түрлері

     «Зырян ауданы мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де ауылдық және кенттік округтерінің әлеуметтік жұмыскерлеріне арналған семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаттарының бірі – әлеуметтік жұмыскерлердің бір-бірімен қарт адамдардың ойлау қабілетін арттыру бойынша тәжірибесімен бөлісу. 

     Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Д.Ю. Трухан қарт адамдардың ойлау қабілетінің және эмоциясының ерекшеліктері, бұзылған қабілеттерін қалпына келтіру тәсілдері туралы айтты. Өз сөзінде ол есте сақтау, ойлау, іс-қимыл қабілеттерінің бұзылуы, психоэмоциялдық тұрақсыздық – біздің клиенттеріміз үшін өзекті және көп тараған проблема екенін атап өтті. Қарт адамның миы, оның дене мүшелері сияқты жақсы қалыпта болуы үшін, оны үнемі дұрыс шынықтыру және жаттықтыру керек. Сондықтан әлеуметтік жұмыскердің тапсырмаларының бірі болып, клиенттерге психологиялық көмек көрсету және психикалық ауытқулардың алдын алу табылады.  

     Семинар барысында әрбір әлеуметтік жұмыскер есте сақтау, зейін қою, ойлау, қабылдау, ұсақ моторика қабілеттерін жақсарту бйынша практикалық сабақтарының тәжірибесімен бөлісті. Әлеуметтік жұмыскерлер өздігінен жұмыс жасаған кездерінде қызмет алушылардың жасын, денсаулық жағдайын, жеке қасиеттерін ескереді. Әлеуметтік жұмыскерлерге әдістеме көмегін бөлімше меңгерушісі көрсетеді.   

     Қызмет алушылар бұндай жаттығуларға қуана қатысады. Нәтижелері көрініп тұр: оң эмоция көбірек, өмірге көз қарастары кеңеюде, өзіне сенімділігі, қоршаған ортаға деген ықыласы және өмір сүруге, шығармашылықпен айналасуға құлшынысы артты. 

    Семинарға қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, жұмыстың жаңа түрлері мен тәсілдерін қолданбай үйде сапалы әрі тиімді арнайы әлеуметтік көмек көрсету мүмкін еместігін атап өтті.  

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?