Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы

     Биылғы жыл – қазақ халқы үшін айрықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі жыл. Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр. Осы  мереке  қарсаңында «Үржар  балаларға  арналған  арнайы  әлеуметтік қызмет  көрсету  орталығы» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз – өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын  саналы азамат  тәрбиелеу. Сол  себепті Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мерекелік шашуымызбен Бақты ауылының, Жанай ауылының, Үржар ауылының мектептеріне «Тәуелсіздік тұғырым, мәңгілік ел тұрағым»  атты тақырыпта концерттік  бағдарламалармен барып  қайттық.

       Мектеп ұжымы,  оқушылары мектепке  келген  орталық  тәрбиеленушілер мен орталық мамандарын өте жылы ықыласпен, жақсы көңіл күйлерімен қарсы алды. Орталық  тәрбиеленушілері өздерін басқа ортада  ерекше сезініп, үлкен қошеметтің арқасында өздеріне  деген батылдық, сенімділік қасиеттері ұялады. Мектеп  оқушылары мен  орталық  тәрбиеленушілері  бір-бірімен  танысып жақсы  қарым- қатынаста болды. Осы  бір  жұлдызды  сәтте орталық  тәрбиеленушілері мен мектеп  оқушыларының  арасында ерекше достық  сезім байқалды.  Тәрбиеленушілеріміз өздерінің әндерін, билерін, көріністерін көрермендер  алдында өте  жоғары  деңгейде көрсете  білді. Орталық  тәрбиеленушісі Журавлев  Алексей «Бір жұлдызың болайын  менде» әнімен көрерменнің  қошеметіне  бөленіп,  сол әнді  қайталап айтуын өтінді. Тағы  бір көрерменнің  естерінен кетпейтін кереметтей  М. Мақатаевтың  «Аққулар  ұйықтағанда» поэмасынан  сахналық көрініс болды. Бұл көріністе орталық  тәрбиеленушілері көрерменнің көзіне жас  үйіріп, жүректерін  елжіретті. 1-сынып оқушысы Тыныбекова Мөлдір орыс тілінде « Наша бабушка»,  8-сынып  оқушысы Советбекова  Қырмызы «Ана» монологын мәнерлеп оқып  шықты. Концерт  соңында екі  патриоттық  ән орындалды Сапарова Жасмина «Егемен Қазақстан», Төлегенов Әлібек «Үржарым»  осы  сәтте  көрермендер құрметпен  орындарынан  тұрып, кереметтей   қошемет көрсетіп, өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, сыйлықтарымен естеліктерімен бөлісті.

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?