Үздік әлеуметтік мекеме

      2016 жылғы 28 қазанда Бейбітшілік және келісім сарайында (Астана қ.) жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін ҚР әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күніне арналған салтанатты шара өтті. Оның барысында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» республикалық байқауының жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

     Аталған шараға ҚР Денсаулық сақтау жән әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламентінің депутаттары, әйгілі қоғам қайраткерлері, Қазақстанның барлық аймақтарындағы әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

     Өз әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Тамара Дүйсенова халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің ерен еңбегінің нәтижесінде мыңдаған адамға қамқорлық пен күтім жасалып жатқанын атап айтты.

     «Үздік медициналық-әлеуметтік мекеме» номинациясы бойынша Ольга Николаевна Батуева басшылық ететін «Өскемен қалалық балаларға арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» жеңіпа алды.

     Салтанатты шара Қазақ ССР Халық әртісі Роза Рымбаеваның, Қазақстанның халық әртістері Мақпал Жүнісова мен Нағима Есқалиеваның және өзге де қазақстандық орындаушылардың қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.  

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?