Үздік әлеуметтік жобалар конкурсы туралы ақпарат

Үздік әлеуметтік жобалар конкурсы туралы ақпарат

«Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі 2013 жылы елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ-КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» атты конкурспен бірге өткізілді.

Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдарға, өмірде қиын жағдайға тап болған тұлғаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, басқа да халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына нақты көмек көрсету болып табылады.

Барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі  комиссиялар құрылады, олардың құрамына үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері, әкімдердің әлеуметтік мәселелерімен айналысатын кеңесшілері, «Нұр Отан» партиясы бөлімшелерінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және басқа да мүдделі адамдар кіреді.

Конкурсқа қызметтері әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектердің ұйымдары, жеке тұлғалар, басқа мекемелер мен ведомстволар қатыса алады.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?