Ұлт денсаулығы – әрбір Қазақстандық үшін маңызды іс

     Қазақстанның Тәуелсіздігінің мерейтойына орай «ШҚО Семей қаласының зейнеткерлерге  әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ  қамқорлықтағы адамдармен дәрігер «Мүмкіндігінше  мейірімді болыңдар, бұл  әрқашанда мүмкін» деген форматта әңгіме жүргізді.

     Өз әңгімесінде ол денсаулық – зор байлық дегендей, денсаулықты сақтау шараларын алдын- ала жүргізудің маңызы аса зор екенін атап өтті. Ауырмаудың жолын қарсатыру,  ағзамыздың зор, таусылмас  табиғи  мүмкіндіктерін пайдалана білуіміз қажет. Көп айтылып, көп жазылатын салауатты өмір салты дегеніміз , өз денсаулығыңа дұрыс қарау, демалыс пен еңбекті кезек алмастыру, өз күніңді дұрыс жоспарлау, 90 түрлі макро және микро элеметтерімен , 16 түрлі  майлар, көмірсулары, белоктары жеткілікті дәрумендермен  дұрыс тамақтану.

     Ағзаның созылмалы шаршауына жол бермеу, күйзелістерден аулақ болу, әлеуметтік ортада өмір сүргеннен кейін адамдар арасындағы қарым- қатынасты деген мақсатты алға қойыңыздар.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?