Әлеуметтік қорғау орғандарының өкілдері үшін Республикалық семинар

   2016 жылғы 18 – 20 тамыз аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдерінің қатысуымен «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру» тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинардың басты  қатысушылары болып Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек органдарының басшылары болды, жалпы қатысушылар саны 80 адам.

    Семинардың басты оқытушылары болып:

Тохсеитова Гүлнар Муслимқызы – ҚР ДСӘДМеңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары;

Оразова Сапура Сұлтанқызы – ҚР ДСӘДМ«Біліктілікті арттыру курстары» ММ директоры;

Мауленкулова Айгүл Әлішерқызы – ҚР ДСӘДМ халықты жұмыспен қамту департаментінің бақылау және еңбек нарығын талдау басқармасының бас сарапшы;          

Абдырахманова Айнұр Абдыгакарқызы – ҚР ДСӘДМәлеуметтік көмек департаментінің әлеуметтік қолдау басқармасының бас сарапшысы табылды.

   Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік табыстар, халықты әлеуметтік қорғау және медициналық қызметтер төлемдері комитетінің өкілдері баяндама жасады.

 Басты баяндамалардан кейін семинар қатысушыларымен тренингтер, мемлекеттік бағдарламалардың жаңа бағыттарын білу деңгейін тексеру мақсатында тестілеу өткізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?