Әлеуметтік қызметкер күні

     Бүгін «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  әлеуметтік сала қызметкерлері күні аталып өтті.

     Бұл мереке 2011 жылғы Елбасының жарлығымен бекітілген. Содан бері елімізде қазанның соңғы жексенбісі әлеуметтік сала мамандарының төл мерекесі ретінде тойланып келеді. 

     Салтанатты мерекені қала әкімінің орынбасары Н. В. Шарова құттықтау сөзімен ашты. Ол өз сөзінде әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы өте күрделі, ауыр адамгершілікті, ізгілікті талап ететін сала екенін атап өтті.

     Одан кейін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Құрманғалиев әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтап, облыстық басқарма басшысы Е. Старенкованың құттықтау хатын оқып жеткізді.

     Мерекеге байланысты әлеуметтік саласындағы көп жылғы жемісті еңбектері үшін  әлеуметтік қызмет саласындағы 21 жұмысшы қала әкімінің 3 мадақтамасымен, 7 алғыс хатымен, облыс басқармасының 5 мадақтамасымен және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 6 мадақтамасымен марапатталды.

     Мерекелік шара мерекелік концертпен жалғасты.  

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?