Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай әлеуметтік саланың қызметкерлерін марапаттау

     Қазақстанда көптеген түрлі кәсіби мерекелер бар. Соның бірі 2011 жылы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығымен Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күні ретінде бекітілген.

    Ол Елбасының егде жастағы адамдарға, мүгедек жандарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қызмет ететін адамдарға деген әкелік құрметі мен мейірімділігінің белгісі.

     Халықтың әлеуметтік әлсіз қатарымен жұмыс істеуде 16 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, 14 аумақтық орталықтар және 14 үкіметтік емес ұйымдар қатысуда. Облыс бойынша әлеуметтік қызметкерлер саны 1359 адамды құрайды. Олардың әр қайсысы өздігінен өмір қиындығымен күресуге мүмкіндігі жоқ жандарға, көмек пен қолдауды қажет ететін адамдарға қызмет етеді.

     2016 жылғы 27 қазанда басқарманың акт залында халықты әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкерлерін және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін мадақтау шарасы өтті.

    Алғыс хаттар мен грамоталармен облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің 8 маманы, аумақтық орталықтардың 8 қызметкері және 5 үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері: «Берегиня» отбасыны қолдау орталығы» ҚБ,  «Алтын-Ай» мүгедек әйелдер ҚБ, «Зубр» ӘКҚ, «Исток» балалар мен жастардың өнер орталығы» ҚБ и «Әйелдер мен білім»ҚБ аталып өтті.      

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?