Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу

    ЖОО түлектеріне әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуді іске асыру мақсатында Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университетінің №3 корпусының (Тарих – педагогика факультеті)   түлектерімен 2016 жылдың 15 қарашасында курсты бітіруші студенттермен алдағы уақытта олардың жұмыспен қамтылуы мәселелері жайында кездесу өтті.  

    Аталған кездесуге өзге де қатысушылармен «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сектор меңгерушісі Х. М. Селиханов қатысты. Сөз сөйлеу барысында арнайы түлектерге арналған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы баяндалды, сонымен қоса басқа әлеуметтік кәсіптік бағдарлау мәселелері бойынша түсініктер берілді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?