Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу мәселелері бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөнінде

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - жаңа форматтағы АӘК) 2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап енгізу бойынша Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарында 2017 жылдың қаңтарынан ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Ағымдағы жылдың он айында облыстық деңгейде де, қалалар мен аудандар деңгейінде де телеарна мен радиода 17 баяндама өтті.

Облыстың екі ірі қаласында (Өскемен және Семей қаласы) жаңа форматтағы АӘК орналастырылған ақпарат бойынша 2017 жыл ішінде кезеңмен трансляцияланды. Жаңа форматы АӘК және «Өрлеу» жобасы бойынша облыстық, қалалық және аудандық газеттерде ақпараттық-түсіндіру сипатындағы 54 мақала жарияланған.

Ағымдағы жылдың басынан бастап қалалар мен аудандардың мобильдік топтары халықпен 1009 кездесу өткізді.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті және ЖҚжӘБҮБ әлеуметтік төлем бөлімінің қызметкерлері бірлесе отырып, 77 елді мекендерде және 10 қалаларда зейнетақы заңнамасын, АӘК жаңа әдістерді және «Өрлеу» жобасын көрсету бойынша тұрғындармен кездесулер сапарлар ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ағымдағы жылғы 18-19 қазандағы Астана қаласында жүргізілген оқытудан кейін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту орталықтарының  (бұдан әрі – ЖҚӘБ, ЖҚО ) басшылары мен мамандары жаңа форматты АӘК енгізу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары аз камтылған азаматтар арасында атаулы сипат алды.

Əрбір елді мекенде жаңа форматы АӘК алушыларымен кездесулер өткізілді және 2018 жылғы қаңтардан бастап АӘК алушыларының болжалды контингенті белгіленді.

2017 жылдың қазан айының 20 бастап, жаңа форматтағы АӘК енгізу бойынша дайындық шаралары күшейтілді:

- 768 елді мекенде жиналыс өткізілді;

- әкімдіктердің 19 отырысы өткізілді;

- облыстың барлық қалалары мен аудандарында, ЖҚӘБ және ЖҚО қызметкерлері жаңа форматтағы АӘК енгізуді үйренді;

- ауылдық округтердің 234 әкімі өз қызметкерлерімен оқудан өтті;

- бүкіл өңір бойынша қоғамдық орындарда (ЖҚО, ХҚО, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында, «Қазпочта» АҚ филиалдарында және екінші деңгейлі банктердің басқа филиалдарында) ақпараттық-түсіндірме материалдары таратылды.

Жаңа форматтағы АӘК бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы ары-қарай жалғасатын болады.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?