Әлеуметтік төлемдер және оның түрлері

     «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлеккеттік Мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің 3-бөлімшесінде «Әлеуметтік төлемдер және оның түрлері» атты семинар  өтті.

    Бұл семинар Орталықта әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету жұмыстарын жүргізуде әлеуметтік қызметкерлерді қажетті мағлұматтармен қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Қазақстан Республикасының заңдары және нормативтік-құқықтық актілері туралы түсіндіре отырып, тиісті жеңілдіктер мен жәрдемақылар, зейнетақы және де қосымша төлемдерді алуға  қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары бойынша  мәліметтер берілді.

    Жәрдемақылардың мөлшері жазылған  арнайы үлестірмелі парақшалар дайындалып, қызметкерлерге таратылды. Тұрғын үй  мен  мекен- жай  көмегі жайлы да мәлімет берілді. Төлемдерге арналған кесте түрінде слайд көрсетілді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?