Әлеуметтік жұмысшылар семинары

    2016 жылдың 18 – ші қарашасында «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ – нің әлеуметтік қызметкерлері арасында «Мүмкіндігі шектеулі балалардың дидактикалық ойын арқылы танымдылық қабілетін дамыту»  тақырыбында семинар өтті.

     Семинардың мақсаты: дидактикалық ойындар арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы дамуына ықпал етіп, олардың танымдық қабілетін қалыптастыру  және әріптестермен тәжірибе алмасу.                                                                                      

     Семинарда әртүрлі бейне көріністер, слайдтар, көрнекілік құралдар қолданылды және әлеуметтік қызметкерлермен музыка арқылы сергіту жаттығулары жасалып, дидактикалық ойындар ойнатылды. Семинар өте қызықты да тартымды өтті және әріптестер өз пікірлерімен бөлісті.

Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?