1-қазан Халықаралық қарттар күні

1-қазан Халықаралық қарттар күні

 

            Халықаралық қарттар күні - бұл аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Бұл - жан дүниеңнің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Ардагерлер қажеттілігінен алшақ қалмай, үлкендерге құрмет көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар.

          Осы күндері құттықтауларды 220 000 астам зейнеткерлер, олардың арасында 154 мүгедек, 362 соғысқа қатысушылар, 27611 Шығыс Қазақстандық тыл ардагерлері.

          1-шы қазаннан бастап облысымызда мейірімділік айлығы басталады. Аталған шарада мемлекеттік органдар, өзіндік формадағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, кәсіпкерлер, қоғамдық діни ұйымдар қатысады. Барлық өңірлерде жалғыз басты қарттар мен мүгедектерді қолдау шаралар, басшылық көмектер, концерттер өткізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар осы күні ұжымдық концерттер жасап, ұжыммен бірге еңбек ардагерлерімен кездесу өткізеді. Мерекелік шараларды өткізуде облыс орталығының кәсіпкерлері үлкен көмек көрсетеді. «Мейірімділік» айында жүздеген каферелер мен ресторандар өз есіктерін зейнеткерлер үшін ашып, оларды қайырымдылық түскі астарды тартады.

          Іс-шаралардың басты мақсаты - әр зейнеткерді қамтып алу.

          Облыста  қарттарға арналған 8 медиктік -әлеуметтік мекемелер бар. Оларды қаржыландыруға 1,1 млрд теңге қарастырылған.

          Ертеден және орынды істеп келе жатқан 200 орынды «Уба» шипажайы бар. Жыл сайын онда 4600 ардагерлер мен мүгедектер денсаулықтарына ем алады. Аталған мекемені қаржыландыруға жыл сайын облыстық бюджеттен 239,9 млн теңге қарастырылады. 15 қазаннан бастап Усть-Таловкада 50 орынды 1150 адамды қосымша қамтуға юағытталған шипажайдың филиалын ашу жоспарланған.

          2015 жылғы 20 қыркүйекте тұңғыш облыстық «Өнегелі өмір» конкурсы жарияланды.

          Басты мақсаты – үлкен жастағы адамдарды олардың өмірлерін өзгерткен оқиғалармен жанжандыру.

          Облыс әкімінің орынбарасы Ж. Омардың төралығымен облыстық комиссия құрылды.

          Облыстың қалалары мен аудандарынан келіп түскен өтініштер саны 36. Конкурс 7 номинация бойынша өткізілді:

1.Үлкенге-ізет, жасқа жол  (Наставничество)

2.Өнерлінің өрісі ұзақ (Творчество)

3.Бақыт кілті еңбекте (Бизнес)

4.Білім алу ешуақытта кеш емес (Самообразование)

5.Қариясы бар үйдің қазынасы бар (Хранитель семейного очага)

6.Сабырлы жетер мұратқа (Преодоление)

7.Асу бермес асқар жоқ (Образ жизни)

          Комиссиямен сегіз жеңімпаз анықталды (жеңімпаздардың аттары мен мәліметтері фотограцияларда келтірілген)

          2015 жылғы 1 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Драмалық театрында облыс әкімі  Даниал Кенжетейұлы Ахметовтың облыстың қарттарымен кездесуі өтті. Аталған шарада «Өнегелі өмір» тұңғыш облыстық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтіп, олар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Марапаттау рәсімінен кейін драмалық театртың жас талантарының қарттарға арналған шағын көнцерті болды. Концерт аяқталғаннан кейін іс-шараның барлық қатысушылары облыс әкімінің қатысуымен салтанатты түскі асқа шақырылды.

          Үлкен жастағы адамдардағ арналған барлық іс-шаралар мерекенің қатысушыларының жүректерінде жылы лебіз қалдырғаны анық.  

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?