ШҚО ЖҚжӘБҮБ Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталықтарында өткен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым күні арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталықтарында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, таңертеңгілік іс-шаралар өтті.

Оған тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған балалар мен психоневрологиялық аурумен ауыратын мүгедек балалар, сондай-ақ Зырян ауданы Грехово кентінде орналасқан оңалту орталығында демалып жатқан мүгедек балалар қатысты. Сонымен қатар, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталықтарында қызметкерлерінің қатысуымен «Балалық шақ мейрамы» ұйымдастырылды.

Іс-шаралар өте қызықты және әсерлі өтті. Балаларды сүйікті ертегілер әлемінің кейіпкерлері жақсы көңіл-күй сыйлап, театрланған қойылымдар қойылып, әсерлі де қызықты мереке өтті.

Аталған мерекелік іс-шараларға балалардың ата-аналары қатысып, балалармен бірлесіп ән айтып, би биледі.

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?