Жұмыспен қамту

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың   бағдарламасы өнімді жұмыспен қамтамасыз етудің пәрменді тетігі болып табылады, бұл бағдарлама аясындақала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту;  кәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

2017 жылғы  14 қыркуйегіндегі   жағдай  бойынша  11373 жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселесімен өтініш жасады. Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 4598 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде нысаналы топқа кіретін 324 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберілді. «Жастар тәжірибесі» кіші бағдарламасына  білім беру мекемелерінің 392 түлегі қатысты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 378 жұмыссыз қатысты. Кәсіби оқытудың қысқа мерзімді курстарына 1045 адам жолданды.

Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 2220 адамды құрады.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?