«ШҚО мүгедектер ерікті қоғамы» ҚБ қызмет алышуларына арнайы жаңа жылдық мерекелік

2017 жылдың 20 желтоқсан күні «Золотая рыбка» мейрамханасында «ШҚО мүгедектер ерікті қоғамы» Қоғамдық Бірлестігінің қызмет алышуларына арнайы жаңа жылдық мерекелік іс-шарасы өтті. Осы жылы бенефициар қатарларына 18 жастан асқан мүмкіндіктері шектеулі адамдар ғана емес, зейнеткерлер де қосылды.

Қоғамның толық құқықты мүшесі ретінде сезіну, өзіне сенушілік пайда болу, басқа адамдармен араласу және біздің қаламыздың әртүрлі мекемелеріне бару қызмет алушыларға өте маңызды.

Бүгінгі күні Бірлестік 4 жыл бойы «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша мүгедектерге үйдегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету «Изменим жизнь...» жобасын жүзеге асыруда. Биыл арнайы әлеуметтік қызметін 106 адам алады – олардың арасында мүгедектер және өмірдегі қиын жағдайдағы зейнеткерлер.

Бұл мерекеде көп құттықтау сөздері айтылды, олардың арасында ШҚО қоғамдық Кеңесінің мүгедектер жұмыс эксперт тобының төрағасы О.Г. Кузовлева және «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ бөлім бастығы З.М. Сулейменов тілектерін білдірді.

Үйден сирек шығатын адамдар бір-бірімен араласып, әңгімелесіп, көңіл көтерді. «Золотая рыбка» мейрамханасына және ұйымдастырушы Маринаға осындай ұмытылмайтын іс-шара өткізгенге алғысымызды білдіреміз.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?