2015 жылғы үздік әлеуметтік жобалардың облыстық туры

2015 жылғы үздік әлеуметтік жобалардың

облыстық туры

 

 

28.08.2015                                                                            Өскемен қаласы

 

2015 жылдың 28 тамызында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында республикалық көрмеге қатысу үшін өңірлердегі комиссиялар іріктеп алған үздік әлеуметтік жобалардың тұсаукесері өтті.

Конкурс барысында алты жобаның таныстырылуы өтті, олар:

«ШҚО мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ, «Зубр» әлеуметтік корпоративтік қоры, «ШҚО Ауғаныстан соғысының мүгедектері-ардагерлері» ҚБ, «Алтын-Ай» мүгедек әйелдер» ҚБ, «Отбасы орталығы» ҚҚ, «Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер ассоциациясы» ҚБ.

Құзырлы әділ қазылар алқасы келесі екі жобаны үздік деп таныды, олар: «ШҚО мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ жобасы «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бизнес-инкубатор» және «ШҚО Ауғаныстан соғысының мүгедектері-ардагерлері» ҚБ жобасы «Халықтың әлеуметтік әлжуаз тобына және аз қамтылған азаматтарға төмендетілген бағамен көмір алуға көмектесу».

Барлық қатысушылар бас демеуші болған «Казцинк» ЖШС және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының атынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.

Осы іс-шараға облыстағы басқа да басқармалар мен мекемелердің және «Нұр Отан» партиясының, бұқаралық ақпарат құралдарының, облыстық телеарналардың өкілдері қатысты.

Аталған материалдар облыстық басқарманың сайтына жарияланды.

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?