2015 жылдың 22 қыркүйегінде Өскемен қаласының Достық үйінде Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған Бірінші облыстық әлеуметтік қызметкерлер форумы өтті.

Ақпарат

     2015 жылдың 22 қыркүйегінде Өскемен қаласының Достық үйінде Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған Бірінші облыстық әлеуметтік қызметкерлер форумы өтті.

     Форумның ұйымдастырушылары – ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламаларды үйлестіру басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы.

    Форумға барлығы 150 адам қатысты. Олар аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері және «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқып жатқан ҚазГЗИУ студенттері.

     Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мырза форумға қатысушыларды кәсіби мекерелерімен құттықтады.

     Үздік әлеуметтік қызметкерлер облыс әкімі мен облыс әкімі орынбасарының құрмет грамоталарымен және ШҚО бойынша БҰҰ даму бағдарламасының алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ облыстық кәсіподақ ұйымдарының алғыс хаттарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

     Форум қатысушылары үшін Үржар балалар медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиеленушілер мен Достық үйінің ұжымы өнер көрсетті.

     Форум шеңберінде төрт интерактивті алаң өз жұмысын жүргізді. Форум соңында пленарлы отырыс өтіп онда модераторлар мүмкіндігі шектеулі балалармен қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?