2016 жылдың 24 мен 30 маусым аралығында Семей қаласының, Күршім және Көкпекті ауданының тұрғындарымен кездесу өткізілді.

2016 жылдың  24 мен 30 маусым аралығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Ж.Б.Самуратованың, ардагерлермен, мүгедектер және әлеуметтік мекемелермен жұмыс істеу бөлімінің басшысы А.Б.Бариеваның,  әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы Р.К. Барлыкованың қатысуларымен  Семей қаласының, Күршім және Көкпекті ауданының тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы, атап айтқанда 2018 жылдан базалық зейнетақы төлемін тағайындау  тәртібінің өзгертілетіні жайында, жұмыс берушінің қосымша 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын белгілеу есебінен зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу туралы,  Қазақстан Республикасының 25 Заңына енгізілген өзгерістер,  мұқтаж адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету,

Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы атаулы әлеуметтік қызмет көрсету»,  «Өрлеу» пилоттық жобасы, «Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» Заңдарына өзгерістер енгізілгені туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

          70 астам зейнетақы тағайындау туралы, еңбек өтілін есептеу туралы, зейнетақыға экологиялық үстемеақы тағайындау туралы, 2018 жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшерін тағайындау туралы, 18 жастан асқан мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге жәрдемақы тағайындау, құрылымдарды бейімдеу, мүгедектерді  компенсаторлық бұйымдармен қамтамасыз ету, Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға жеңілдіктер, тегін жол жүру, санаторлы-курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету туралы,  «Өрлеу» жобасына қатысу, жобаға  қатысу мерзімін ұзарту, атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасылардың студент балаларға төленетін төлемдер, Семей ядролық полигоны салдарынан зардап шеккен азаматтарға жеңілдіктер көрсету жайында  сұрақтар қойылды.

 Барлық сұрақтарға  толық жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?