2016 жылдың 8-9 желтоқсанында Өскемен қаласындағы Басқармалар, Орталықтар мен жұмыспен қамту бөлімдері қызметкерлеріне арналған «Мемлекеттік қызметтерді ілгерілету және көрсету технологиялары» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.

 

     Семинарды «ЗУБР» Консалтинг-Орталығының мамандары «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ тапсырысы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы 2020», «Аумақтарды дамыту» сынды ШҚО-дағы әрекеттегі бағдарламалар аясында  ұйымдастырып, өткізген.

     Шығыс Қазақстанның тұрғындарды жұмыспен қамту саласында қызмет ететін 40-ға жуық мемлекеттік органдарының өкілдері  екі күн бойы өз жұмыстарының тиімділігін арттыруға арналған мүмкіндіктерді талқылап, пікір алмасты.

      Ұсынылған оқыту бағдарламасы екі негізгі құрамдасты қамтыған болатын: бір жағынан – ақпараттық (теориялық) блок болса, екінші жағынан – осы салада күнделікті қызметте қажет болатын практикалық әдістер, құралдар мен жұмыс формалары. 

     Теориялық бөлім аясында  «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ басшысының орынбасары Мырзабаева Самал Серікханқызы қатысушыларға 2017 жылы жоспарланып отырған жұмыспен қамтуға ықпал етуге арналған мемлекеттік шаралар саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер туралы айтты. Оның айтуынша «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» Бағдарламасы ендігі уақытта «Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік» деп аталатын жаңа Бағдарлама болып өзгерді. Ендігі арада мемлекет ұсынатын қолдау шаралары «пассивті» түрде жұмысқа орналасуға емес, тұрғындарды белсендіріп, белсенді түрде жұмыс іздеп, өз ісін ашуға ұмтылысын ынталандыруға, кәсіби дамуға, шағын несиелендіруге және т.б. бағытталған.

     Оқытудың практикалық бөлімі  аясындағы жұмыс Бағдарламаның тұрғындар арасындағы жағымды имиджін қалыптастыруға бағытталған, азаматтардың жұмыспен қамту бағытындағы ақпараттандыру деңгейін арттыру, сонымен қатар жалпы Бағдарламаны жүзеге асыру тиімділігін арттыруға арналған.   

     Семинар аясында қатысушылар  өздерінің біліктілік деңгейін арттыруға, маңызды айналасындағы байланыстарды ұстап тұруға, тиімді коммуникацияларды құру, кеңес беру тәсілдерін дамыту, мемлекеттік қызмет көрсетудегі өзінің кешенді тәсілдерін пайдалануды іске асыру, тұрғындарды жұмыспен  қамту дәне аумақтарды дамыту салаларындағы міндеттерді атқарудағы жергілікті қоғамдастықтың әдістері мен технологияларын зерттеуге мүмкіндік алды.

     Қатысушылардың пікірі бойынша осындай оқыту бағдарламаларын өткізу өте қажет және пайдалы, олар жұмыспен қамту саласының қызметкерлеріне өз кәсібилігінің деңгейін арттыруға, оқу үдерісі кезінде бір-бірімен ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?