2017 ж. 27 сәурінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Өскемен қаласының жүмыспен қамту жэне әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған бос жүмыс орындары жэрмеңкесі өткізіледі.

Жәрмеңкені өткізу мақсаты: мүмкіндігі шектеулі адамдарды кәсіби оңалту, жұмысқа орналасуға, жүмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдау болды.

Жұмысқа орналасуға немесе жұмысын ауыстыруға ниет білдіргендер үшін жүмыс орындарды эр түрлі саладағы жэне өнеркәсіп, сауда, түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім беру жэне мәдениет қызметтерінің бағытындағы шамамен 20 кэсіпорын мен ұйым үсынылды.

Олардың арасында, «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК, «Қүндыз» ЖШС, «Ертіс концерт» КМҚК мәдениет, архивтер жэне құжаттама басқармасы, «Мегастрой-Өскемен» ЖШС, «Бипэк Авто Казахстан» ЖШС, «Асыл Алтын бесік» балабақша-бөбекжайы» мектепке дейінгі мекемесі, «Өскемен қаласы экімдігінің Өскемен-Тәртіп» ШЖҚ КМК, «Дарын» Шығыс-Қазақстан өңірлік ғылыми тәжірибелік орталығы, «¥лттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК, «Қазақстан-Американдық еркін университеті» ЖШС жэне басқа.