2017 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурс туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  2008 жылғы   23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес 2017 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты өткізуді ұйымдастыру басталғаны туралы жариялайды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.

Шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.

 

және мынадай номинациялар бойынша:

 

1.  «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.

Құжаттарды мына мекенжайында қабылданады: ММ «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар үйлестіру басқармасы» Киевская к. 1, 75-12-98 телефоны;

2. "Үздік ұжымдық шарт".

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: ММ «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» К. Либкнехт к., 19, 25-65-83 телефоны;

3. "Экологияға қосқан үлесі үшін".

Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: ММ «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» РММ «ШҚО бойынша экология департаменті», Потанин көшесі 12, 76-81-98 телефоны;

4. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» .

Бұл номинацияда көзделген қызметкерлердің еңбек жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: ММ «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» К. Либкнехт к., 19, 25-65-83 телефоны.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды бір данада ұсынады, оларда:

1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;

Үміткердің есебінде:

заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттары ұсыну мерзімі 2017 жылғы 20 тамыз. Толық  ақпаратты www.paryz.kz сайтынан табуға болады.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?