2018 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз»республикалық конкурсы туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің                   2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес 2018 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстын өткізілуін ашық деп жариялады.

Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде екі кезеңде өткізіледі. Конкурс лауреатының лауазымы екі санатта беріледі:  

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.

 

және келесі номинациялар бойынша:

 

1.  «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.

Құжаттарды мына мекенжайында қабылданады: ММ «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар үйлестіру басқармасы» Киевская к. 1, 75-12-98 телефоны;

 

2. "Үздік ұжымдық шарт".

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: ММ «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» К. Либкнехт к., 19, 25-65-83 телефоны;

 

3. "Экологияға қосқан үлесі үшін".

Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: ММ «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» РММ «ШҚО бойынша экология департаменті», Потанин көшесі 12, 76-81-98 телефоны;

 

4. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» .

Бұл номинацияда көзделген қызметкерлердің еңбек жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: ММ «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» К. Либкнехт к., 19, 25-65-83 телефоны.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды бір данада ұсынады, оларда:

1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;

Үміткердің есебінде:

заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат.

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттары ұсыну мерзімі 2018 жылғы              1 тамыз. Толық  ақпаратты www.paryz.kz сайтынан табуға болады.

 

 

Анкеты

 

Заявка

 

Критерии

 

Правила

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?