2017 жылдың 20 қаңтарында А. Пушкин атындағы облыстық кітапханада облыстағы мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен кездесу өтті.

   Кездесу барысында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Е. Старенкова мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарының сақталуы бойынша 2016 жылы жүргізілген жұмыстар туралы баяндады, сондай-ақ Облыстық қоғамдық кеңес жаныдағы мүгедектер істері жөніндегі жұмыс тобының төрайымы О. Кузовлева сөз сөйледі.

     Қоғамдық бірлестіктердің проблемалы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.07.2005 жылғы № 754 қаулысында көрсетілген компенсаторлық құралдардың ауыстырылуы мен судротехникалық және гигиеналық құралдардың тізімінің кеңеюіне байланысты қаулыға енгізілген өзгерістер туралы түсініктеме берілді.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?