2017 жылдың 27 қаңтарында Семей қаласында денсаулықтарында ақаулары мен басқа да шектеулері бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша облыстық дөңгелек үстел өтті.

     Дөңгелек үстелді өткізу барысында облыстағы қоғамдық бірлестіктердің, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері мен «Сорос-Қазақстан» Қорының қаржылық қолдауына ие болған жұмыс берушілер қатысты. Қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандармен 2016 жылы жүргізілген жұмыстар жайында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысымен танысты. Сонымен қатар, қатысушылар мүгедек жандардың проблемалы мәселелерін талқылады. Кездесу соңында қызмет алушылардың қолынан жасалған кәдесыйлардың көрмесімен танысты.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?