Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудың өзекті мәселелерді бойынша 2018 жылдың 25 шілдесінде Өскемен қаласында ақпараттық-насихаттық семинар өткізілді

Семинарды ұйымдастырушылары: «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі және РИДЕС ЖК.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Семинардың тақырыбы облыстың барлық өңірлері үшін өзекті болып табылды.Семинарға қатысқандар ауылдық округтердің әкімдері, облыстың 18 қалалары және аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар болімдерінің басшылары, жұмыспен қамту орталықтарының директорлары, микроқаржы ұйымдарының өкілдері.

 

ІС-ШАРА ӨТКІЗУ БАРЫСЫНДА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СҰРАҚТАР:

  • «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы - жаңа НҚА, қолданудың практикалық аспектілері.
  • Жұмыспен қамту саласындағы аутсорсинг.
  • Кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.
  • Халықты жаппай кәсіпкерлікке тарту.
  • Ауылдық жерде микрокредиттеудің ерекшеліктері.
  • Бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.
  • Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік бағдарламаны және оны жүзеге асыру нысандарын насихаттау әдістері.
  • Бағдарламаға қатысушылар үшін жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Е.В. Старенкова биылғы жылы жұмыспен қамту қызметінің ауқымды реформасы жүргізіліп жатқанын атап өтті.

2018 жылғы 16 сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және көші-қон бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) қол қойды.

Заң Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес келесі үшін әзірленді:

1) 2017 жылдың 31 қаңтарында «Қазақстанды үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған барлық бос орындарға және барлық елді мекендерге еңбек нарығын жаңғырту және бірыңғай онлайн-платформа құру;

2) 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші Индустриалды революцияның дамуындағы жаңа мүмкіндіктер» Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген Бірыңғай электрондық еңбек биржасын толық көлемде іске асыру.

Семинар қатысушыларына Заңның негізгі жаңалықтары, қызмет көрсету секторындағы аутсорсинг, жұмыспен қамту қызметтерін жаңғырту, жұмыспен қамту орталықтарының белсенді форматына көшу, жеке жұмысқа орналастыру агенттіктерінің қатысуын кеңейту, Электрондық еңбек биржасын құру туралы ақпарат берілді.

Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының басым бағыттарының бірі халықты жаппай кәсіпкерлік бизнеске тарту болып табылады.

Семинарда сөз сөйлеушілер, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ ШҚО филиалының, Өскемен қаласының «АТФ Банк»АҚ өкілдері шағын несие беру ережелерін нақтылау, грант алу, мемлекеттік субсидия алу және қолдану туралы материалдар ұсынды.

Сонымен қатар, Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын а түзетулер мен толықтырулар бойынша мәселелерін талқылады.

Соның ішінде: микрокредит беру бағдарламасының қатысушыларын қамтуды кеңейту, ішінара: қалалар мен ауылдарда іске асырылатын жобалар бойынша әртүрлі микрокредиттер беру лимитін белгілеу, түпкілікті қарыз алушылармен өнімдерді сатуды қамтамасыз ету үшін ауылшаруашылық кәсіпорындарын қайта өңдеу бойынша азық-түлік алаңдарын дамыту, микрокредиттік ұйымдардың микроқаржылық құрылымына қатысу, оларды ақысыз негізде қаржыландыру.

Семинар барысында семинардың қатысушылары бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да жерлерде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысуға халықты насихаттау және тарту үшін ақпараттық-насихаттау әдістерімен және нысандарымен танысты.

Іс-шара соңында диалог алаңы өткізілді: сұрақтар мен жауаптар.

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?